Қазақтан мен Өзбекстан өзара тауар айналымын 5 млрд долларға жеткізуге уағдаласты

None
None
ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат - Қазақтан мен Өзбекстан өзара тауар айналымын 5 млрд долларға жеткізуге уағдаласты. Бұл туралы бүгін Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен шағын және кеңейтілген құрамдағы келіссөздерден кейінгі бірлескен мәлімдеме жасау барысында Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпараттың арнаулы тілшісі Ташкенттен.

«Қазақстан  сауда-экономикалық саланы қоса алғанда Өзбекстанның ең маңызды серіктестерінің қатарына кіреді. Біздің ортақ күш-жігеріміз ағымдағы жылдың қаңтар-тамызында өзара сауданың артуын қамтамасыз етіп, ол шамамен 35 пайызға өсті және осыған дейін болмаған 1,3 млрд долларлық көрсеткішке жеткенін шынайы қанағаттанушылықпен атап өтемін. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевпен бұл санды жылдың соңына дейін 2 миллиардқа жеткізу мәселесін көтердік. Бірақ келешекте бұл көрсеткішті 5 млрд долларға дейін жеткізу туралы үкімтаралық комиссия басшыларының алдына нақты міндет жүктедік», - деді Өзбекстан президенті.

Сонымен қатар ол аталған көрсеткішке қол жеткізуге екі елдің әлеуеті толық жететіндігін, оған әсіресе өңіраралық ынтымақтастық зор үлес қоса алатындығын айрықша атап өтті.

«Соңғы жылдары қол жеткізген жетістіктеріміз біздердің қорларымыз өте көп екендігін және олардың шынайлығын білдіреді. Бүгін біз Үкімет басшыларына сауда көлемін одан ары арттыру, оның атауын кеңейту, сыртқы сауда жүктерінің транзиті үшін ыңғайлы шарт жасау, өңірлер және іскерлік топтар арасындағы ынтымақтастықты дамыту бойынша мәселелерді тыңғылықты қарастыруды тапсырдық», - деді Шавкат Мирзиёев.

Соңғы жаңалықтар