+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Қазақстанның жыршы-термешілері елордада концерт-спектакль қойды

2019 жылғы 9 желтоқсан 13:26
Бөлісіңіз:
Қазақстанның жыршы-термешілері елордада концерт-спектакль қойды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордада «Nur Otan» партиясы мен Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қолдауымен жыршы-термешілердің «Жыр-аманат» концерт-спектаклі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Jas Otan жастар мәселесін шешуге бағытталған 216 бағдарлама әзірледі

«Nur Otan» партиясының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, кеш барысында әр өңірден жиналған жыршылық дәстүрдің өкілдері өнер көрсетті. Атап айтқанда, «Жетісу», «Маңғыстау», «Қаратау», «Арқа», «Атырау-Жайық», «Сыр елі», «Ақтөбе» жыршылық дәстүрлерінің өнерпаздары қалың көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.

Қазақы жыр мен дәстүрлі музыканың ғажайып кешін ашқан «Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек жиналған жұртты алдымен Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады.

«Бұл шараның осы мерекеге орайластырылуында зор мән бар. Өйткені бағзыдан жеткен бұл жырларда ата-бабамыздың арманы мен аңсары, азаттық, елдік идеялары, келер ұрпаққа аманаты жатыр. Дәстүрлі өнеріміз сан ғасырлар бойы ұрпақ тәрбиесіне қызмет еткен. Сондықтан да Тәуелсіздіктің алғашқы сәтінен-ақ Елбасы-«Nur Otan» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев ұлтымыздың ұлы мұрасын, озық дәстүрлері мен мәдени қазынасын түгендеуге, оларды заманға сай түлетіп, жаңғыртуға ерекше ден қойды. Халықтың партиясы ретінде «Nur Otan» да ұлттық құндылықтарымызды дәріптейтін іс-шараларды қолдап, оның насихатталуы мен дамуына барынша үлес қосып келеді...Біз болашақта үлкен жетістіктерге жетеміз десек, ұлттық құндылықтарымыз арқылы халқымыздың рухын көтеруіміз керек. Бұл бағытта Президент Қасым-Жомарт Тоқаев нақты тапсырмалар берді», – деп атап өтті Бауыржан Байбек.

«Nur Otan» партиясының Нұр-Сұлтан қалалық филиалының төрағасы-Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов өзінің құттықтау сөзінде терме мен жыр кешіне келіп, ұлттық өнерді қолдаған қауымға алғыс білдірді.

«Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тарихи шешімінің арқасында бүгінде Нұр-Сұлтан қаласы қарқынды дамып, бейбітшілік пен бірлікті насихаттайтын және соны іспен дәлелдейтін әлем таныған астанаға айналды. Қазір бас қаламызда 1 млн 200 мыңға жуық халық бар. Тұрғындардың саны артып келеді. Мысалы, 1998 жылы Целиноградта таза қазақ тілінде оқытатын бір ғана мектеп болды. Қазір қазақтілді 36 мектеп бар. Жалпы 88 білім ордасының қалғаны аралас мектеп. Бұл – тіліміз бен діліміз қайта оралды деген сөз. Елбасы саясаты мен көпұлтты мемлекетіміздің бірлігінің арқасында осындай жетістіктерге жетіп отырмыз. Қазіргі уақытта Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет саласына, ұлттық құндылықтарымызды қолдауға жағдай жасап, біздің алдымызға нақты міндеттер қойып отыр», – деді Алтай Көлгінов.

«Жыр-аманат» жыршы-термешілер кеші тұңғыш рет ерекше форматта өтті. Ол концерт пен спектакль жанрларын ұштастырды.

Ал келер жылы «Жыр-аманат» концерт-спектаклі партияның қолдауымен Елорда күніне орай «Есілдің жағасында жарқырайды бір қала» тақырыбында ұйымдастырылмақ.

Айта кетейік, биыл күзде «Nur Otan» партиясының қолдауымен, еліміздің бірқатар өңірінде айтыс фестивальдері ұйымдастырылды. Айтыс өнерінің додасы 16-17 желтоқсанда Орал қаласында өтетін «Алтын домбыра» республикалық фестивалінде мәресіне жетеді. «Nur Otan» партиясының жанындағы «Мирас» республикалық қоғамдық кеңесі мүшелерінің бастамасымен мемлекеттік тілді дамыту тетіктерін пысықтау үшін арнайы комиссия құрылған болатын.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT