Қазақстанның ЖОО-лары Б. Ельцин атындағы УрФУ-мен бірлесе «ЭКСПО-2017» көрмесіне жобалар экспозициясын әзірлейді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейдің Тұңғыш Президенті Б. Ельциннің атындағы Урал федералдық университеті Қазақстанның алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарымен бірге «ЭКСПО-2017» көрмесіне жасыл технология мен энергетика саласында жобалар экспозициясын даярлайды. Бұл туралы «ҚазАқпарат» тілшісіне аталған оқу орнының ректоры Виктор Кокшаров айтты.

«Біз өз тарапымыздан аталған салада көптеген жобаларды ұсына аламыз. Бүгінде Қазақ ұлттық техникалық университетімен, сондай-ақ Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-мен өзара іс-қимылдарды бастап отырмыз. Атап айтқанда біз «ЭКСПО-2017» көрмесіне дайындалып жатырмыз. Жасыл технология мен энергетика саласында бірлескен жобалардың экспозициясы әзірленеді», - деді ректор бүгін Астанадағы «Эксперт-200-Қазақстан» ұлттық бизнестің алтыншы экономикалық форумы барысында.

Оның сөзіне қарағанда, ресейлік тарап Қазақстанға дәстүрлі емес энергия көздерін пайдалану бағытындағы жобаларды ұсынды.

«Біздің Урал энергетика институты бірқатар қазіргі заманғы жобаларды ұсынуда, оның ішінде құбырлар элементтерін тазарту, радиациялық материалдар мен қалдықтардан цистерналарды тазарту және басқа да ұсыныстарымыз бар. Сонымен қатар бізде дәстүрлі емес энергия көздері, оның ішінде толқынды, жел энергетикасы бағытында жобалар бар», - деп тоқталды В. Кокшаров.

Мұнымен қоса ол университет жобалар бойынша өзара тиімді негізде бірлесе ынтымақтасып жұмыс істеуге мүдделі екенін атап өтті.

«Қазақстан бүгінде уран өндірісінде әлемде бірінші орынға шығып отыр. Сонымен қатар сіздерде атом энергетикасын дамыту бойынша жоспар бар. Мұнымен қоса елдеріңіз энергетикалық уран шығаратын Урал электрохимиялық комбинатының тең иегері болып танылды. Осы орайда Ресейде ірі университеттің бірі ретінде біздің оқу орнымыз бұл салаларда ынтымақтасып жұмыс істеуге қауқарлы», - деді ректор.

Соңғы жаңалықтар