Қазақстанның жобасы Еуропалық пошталар қауымдастығының сыйлығын иеленді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазпошта» АҚ-ның  «Сәлемдемелер супермаркеті» жобасы PostEurop Innovation Award 2018 сыйлығында ең үздік инновациялық жобалар қатарынан көрінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біздің «Сәлемдемелер супермаркеті» жобасы PostEurop Innovation Award 2018 сыйлығында ең үздік инновациялық жоба сыйлығына ие болды. Бүгінде Қазақстан бойынша 214 сәлемдеме супермаркеті жұмыс істейді. Жаңа технологияның арқасында сәлемдемені жіберу мен алу және беру уақыты 2-3 минутқа дейін қысқарды», - деп жазды «Қазпошта» АҚ-ның басқарма төрағасы Сәкен Сәрсенов Фейсбуктегі парақшасында.

Айта кетсек, PostEurop Innovation Award сыйлығы бүкіләлемдік пошта одағының құрылтайшысы Еуропалық қоғамдық пошталық операторлар қауымдастығының ұйымдастыруымен 2017 жылдан бастап беріледі. Сыйлық пошта индустриясына қажетті жаңа тұжырымдамалар, идеялар алмасу мен PostEurop мүшелерінің үздіксіз өзара әрекеттесуін қамтамасыз етуге бағытталған.

Бұған дейін, Қазпошта басшысы бүгінде елімізде 111 франчайзинг нүктелерінің ашылғанын хабарлаған болатын. Ондағы мақсат - халықты қолжетімді жерден пошта қызметімен қамту.

Оның сөзіне қарағанда енді пошта бөлімшелеріне бармай-ақ, сәлемдемелерді алуға немесе жіберуге, әуе және теміржол билеттерін сатып алуға, сондай-ақ, коммуналдық төлемдерді және салықтарды төлеуге болады. Сонымен қатар, жеке кәсіпкерлер дүкендерінде, жанар-жағармай құю станцияларында және басқа да жерлерде Қазпоштаның қызметтерін пайдаланып, сондай-ақ өз тауарларын сата алады.

Соңғы жаңалықтар