Қазақстанның жеті өңіріне мефедрон жеткізіп отырған есірткі синдикаты ұсталды - ҰҚК

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қазақстан аумағына аса ірі көлемде синтетикалық есірткіні кіргізудің және сатудың тұрақты арнасын ұйымдастырған қылмыстық топтың жолын кесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Мефедрон» және «альфа-PVP» әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы саудаланған.

Есірткі жасырын орындардың координаттарын беру арқылы бетпе-бет кездесусіз алынып отырған.

Жинақталған бұлтартпас айғақтардың нәтижесінде Шымкент және Қонаев қалаларында есірткі синдикатының ұйымдастырушысы мен үш көмекшісі ұсталды.

Тінту барысында заңсыз айналымынан 103 келі синтетикалық есірткі алынды.

Өлімге әкелетін «тауарды» Астана, Алматы, Қонаев, Көкшетау, Шымкент, Тараз, Қызылорда және Өскемен қалаларында тарату көзделген.

Есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл жалғасып жатыр.


Фото: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі
Соңғы жаңалықтар