+7 (701) 759 90 19
USD 419.69 EUR 510.89
RUB 5.63 CNY 64.82
Jańalyqtar

Қазақстанның жеті облысында жол жабылды

2020 жылғы 23 қаңтар 21:01
Бөлісіңіз:
Қазақстанның жеті облысында жол жабылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанның жеті облысында жолдар жабылып, көлік қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар

Нұр-Сұлтан қаласы мен Қарағанды облысында барлық бағытта барлық автокөлік түрі үшін қозғалыс тоқтатылды.

Ақмола облысында «Нұр-Сұлтан-Ерейментау-Шідерті» (Нұр-Сұлтаннан мен Павлодар облысының шекарасына дейін), «Екатеринбург-Алматы» (Жақсы ауылынан СҚО шекарасына дейін, Нұр-Сұлтаннан Қарағанды облысының шекарасына дейін, Атбасардан Нұр-Сұлтан қаласына дейін), «Жезқазған-Петропавл» (Қостанай облысынан СҚО шекарасына дейін), «Нұр-Сұлтан-Петропавл» (Нұр-Сұлтаннан Щучье қаласына дейін), «Нұр-Сұлтан - Қорғалжын» (Ақмол ауылынан Қорғалжын қорығына дейін), «Макинск-Ақсу-Торғай» (Макинск қаласынан Торғай қаласына дейін) автожолдарының 7 жол бөлігінде барлық автокөлік түрі үшін қозғалысқа тыйым салынды.

Шығыс Қазақстан облысының 2 жол бөлігінде - «Өскемен-Риддер-РФ шекарасы» (Белоусовка кентінен Секисовка ауылына дейін), «Омбы-Майқапшағай» (Қалбатау ауылынан Көкпекті ауылына дейін) тіркеме және жартылай тіркемесі бар жүк көліктері үшін қозғалыс шектелген.

Тағы 4 жол бөлігінде – «Өскемен-Шемонаиха-РФ шекарасы» (Предгорное ауылынан РФ шекарасына дейін), «Семей-Қайнар» (Семейден Қайнар ауылына дейін), «Алматы-Өскемен» (Қалбатау ауылынан Қасым Қайсенов кентіне дейін) және «Өскемен-Семей» (Герасимовка ауылынан Семей қаласына дейін) автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалыс тоқтатылды.

Қостанай облысында «Жезқазған-Петропавл» (Қарағанды облысынан Ақмола облысының шекарасына дейін) автожолында барлық автокөлік түрлерінің қозғалысы тоқтады.

Қызылорда облысында «Қызылорда - Павлодар» (Қарағанды облысының шекарасынан Қызылорда қаласына дейін) барлық автокөлік түрі үшін қозғалысқа тыйым салынды.

Павлодар облысында 3 автожол бөлігінде – «Нұр-Сұлтан-Ерейментау-Шідерті» (Шідерті кентінен Ақмола облысының шекарасына дейін), «Қызылорда-Павлодар» (Бозшакөл кентінен Қарағанды облысының шекарасына дейін), «Ленинский-Ертіс-Русская Поляна» (Ленинский кентінен РФ шекарасына дейін) барлық автокөлік түрі үшін жол жабық.

ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті тұрғындарға ауа-райының өзгеруін, метеорологиялық есептер мен SMS-хабарламаларды бақылауда ұстауға кеңес береді. Жол көрінісінің нашарлауы мен көктайғаққа байланысты ұзақ сапарлардан бас тартқан жөн. Егер төтенше жағдайға тап болсаңыз, құтқару қызметінің «112» бірыңғай номіріне хабарласыңыз.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT