Қазақстанның жеті облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Фото:
АСТАНА. ҚазАқпарат – 27 мамырда Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай ойнап, қатты жел тұрады, өрт қаупі туындауы мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

27 мамырда түнде және таңертең Ақмола облысының оңтүстік-шығысында тұман түседі. Түнде облыстың солтүстік-батысында, шығысында топырақ бетінде 1 градус үсік болуы мүмкін.

Қостанай облысының басым бөлігінде жоғары өрт қаупі бар.

27 мамырда күндіз Атырау облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде шаңды дауыл тұрады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с-ке жетеді. Күндіз облыстың басым бөлігінде 35 градус қатты ыстық болады. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі бар. Атырау қаласында 27 мамырда күндіз оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-18 м/с.

Күндіз Абай облысының солтүстігінде, орталығында жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, күші 15-20 м/с. Абай облысының солтүстігінде төтенше өрт қаупі бар.

Күндіз Павлодар облысының оңтүстік-шығысында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Облыстың шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі бар.

Қарағанды облысының оңтүстік-шығысында найзағай ойнайды. Облыстың шығысында төтенше өрт қаупі бар.

Қызылорда облысының орталығында, шығысында төтенше өрт қаупі бар.

Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде найзағай ойнайды. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.


Соңғы жаңалықтар