+7 (701) 759 90 19
USD 388.07 EUR 427.54
RUB 6.08 CNY 55.36
Jańalyqtar

Қазақстанның жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары бірлестігі 13 компаниямен толықты

2017 жылғы 25 желтоқсан 12:24
Бөлісіңіз:
Қазақстанның жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары бірлестігі 13 компаниямен толықты

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Жасампаз» қазақстандық жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары консорциумы өз аумағын кеңейтіп, 13 жаңа кәсіпорынмен толықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бірлестік құрамында 31 компания болған, жыл соңына қарай қатарымызға тағы 13 кәсіпорын қосылды. Бұған дейін консорциум аумағы 11 өңірге тараса, жаңа компаниялармен бірге Қазақстанның барлық өңірі қамтылды», - деді «Жасампаз» консорциумы атқару кеңесінің төрағасы Гүлмира Уахитова Астанада өткен «Жеңіл өнеркәсіп жетістіктері - 2017» дөңгелек үстелінде.

«Жасампаз» консорциумы 2016 жылы құрылған және оның негізгі бағыты қазақстандық әскерилерді арнайы формамен қамтамасыз ету еді.

«Алғашқы тапсырыс ҚР Қорғаныс министрлігінің әскери қызметшілер жүйесіне форма әзірлеу болды. Консорциум алғашқылардың бірі болып қазақстандық матадан әскери форма тігуді, әскери құрал-жабдықтар мен керек-жарақтарды отандық өндірушілердің әзірлеуін мақсат етіп қойды», - деп атап өтті кеңес төрағасы.

Оның айтуынша, екі жылда Консорциум елеулі табыстарға қол жеткізген.

«Қорғаныс министрлігінің тапсырысын екінші жыл қатарынан орындап келеміз және айтарлықтай табыстарға қол жеткіздік. 2016 жылдан бері республикалық бюджетке 3,6 млн теңге салық төледі. Бірлестік арқылы көптеген мекеменің өндіретін тауар түрі артты», - деді Гүлмира Уахитова.

Бүгінде Консорциум құрамында 44 мекеме бар. Аталған ұйымдар «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Мемлекет басшысының жолдауындағы тапсырмаларды орындау мақсатында бір консорциумға бірікті және өз инвестициялары арқылы өндірісті дамытып, жергілікті тауар мен қызмет көрсету үлестерін арттырмақ.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT