+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

Қазақстанның жемқорлықпен күрес тәжірибесі Ташкенттегі ЭЫҰ отырысында ұсынылды

2021 жылғы 17 маусым 12:15
Бөлісіңіз:
Қазақстанның жемқорлықпен күрес тәжірибесі Ташкенттегі ЭЫҰ отырысында ұсынылды

ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат – Бүгін Экономикалық ынтымақтастық ұйымы Жемқорлыққа қарсы органдар басшылары мен омбудсмендерінің 4-отырысында Қазақстанда жемқорлыққа қарсы саясатты қалыптастыру мен жүзеге асырудың басым бағыттары туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Марат Ахметжанов айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпараттың меншікті тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қостанай облысында жемқорлық қылмыстар залалының 99,9%-ы қайта қалпына келтірілді Қостанайда ауыл шаруашылығын субсидиялаудың ашықтығына талдау жүріп жатыр СҚО-да пара алған шенеунікке 9 млн теңге айыппұл салынды

Спикер тәуелсіз Қазақстанның негізгі басымдықтарының бірі сыбайлас жемқорлықпен жүйелі және бірізді күрес екенін атап өтті.

«Барлық заң жобалары мен заңға тәуелді актілер сараптамасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы институты толығымен жұмыс істей бастады, қол астындағылардың сыбайлас жемқорлығы үшін басшылардың жеке жауапкершілігі институты енгізілді, квазимемлекеттік сектордағы комплаенс-қызметтердің міндеттері бекітілді. Сыбайлас жемқорлық үшін құқық қорғау органдарының қызметкерлері, соттар, пара берушілер мен сыбайлас жемқорлыққа делдал болғандарға қатысты санкциялар күшейтілді. Қызметкерлерге қылмысқа итермелегені үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілді. Жемқорлық жасағандар өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істей алмайды, ауыр және аса ауыр сыбайлас жемқорлық жасағаны үшін сотталғандарды жазаны өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатуға рұқсат жоқ», - деп ақпараттандырды М. Ахметжанов.

Сонымен қатар спикер сыбайлас жемқорлықпен күрес кезіндегі цифрландырудың рөліне тоқталып өтті.

Экономикалық ынтымақтастық ұйымы – халықаралық өңірлік экономикалық, мәдени, ғылыми және техникалық ынтымақтастық ұйымы. Оның құрамына 10 мемлекет кіреді: Қазақстан, Өзбекстан, Түркия, Иран, Пәкістан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркменстан, Әзербайжан және Ауғанстан.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Бибіхан Серікова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059

MURAǴAT