Қазақстанның жемқорлыққа қарсы ведомствосы тәулік бойы азаматтарға кеңес береді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Агенттік жемқорлыққа қарсы тұру жұмыстарына Қазақстан азаматтарының белсенділігіне үмітті. Бұл туралы бүгін Астанадағы кеңейтілген кеңесте ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Қайрат Қожамжаров мәлім етті.

«Сыбайлас жемқорлыққа тосқауыл қоюда қоғам мен мемлекет күш-жігерінің бірігуі айрықша маңызды. Осы орайда біз қазақстандықтардың жемқорлықтың барлық белгілері бойынша қарсы іс-қимылдарға белсенді қатысуын күтеміз»,-деді Қ. Қожамжаров.

Бұл тұрғыда ол агенттік тарапынан жемқорлыққа қарсы шаралар бойынша оқыту мен ақпараттандыру үшін ауқымды жұмыстар ұйымдастырылатынын атап өтті.

«Біз академиямен бірлесе жемқорлық тәуекелдерін анықтау мен олардың түрлі мақсатты топтары үшін алдын алу шараларына білім беру бағдарламасын әзірлеудеміз. Оның негізі ретінде ғылыми және әлеуметтік зерттеулер нәтижелері қамтылады. Мысалы, бүгінде сыйлықтар ережесін пайдалану бойынша мемлекеттік қызметтерлер мен басшылар үшін мүдделер дау-дамайын болдырмау тұрғысында жаттығу сабағы әзірленді»,-деді агенттік басшысы.

Осы орайда Қ. Қожамжаров агенттік жастарды әлеуметтік желілер арқылы ақпараттандыруды жоспарлап отырғандығын жеткізді. Оның пайымынша, сауатты құрылған ақпараттық жұмыстар жемқорлыққа тосқауыл қою бағытында қоғамның қатысуы деңгейін арттырады.

Сall-орталығының мамандары тәулік бойы жемқорлық жағдайлары бойынша азаматтарға заңнама нормалары мен іс-қимыл тәртібін түсіндіретін болады.

Соңғы жаңалықтар