Қазақстанның «Жасыл көпір» бағдарламасын 16 мемлекет қолдады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның «Жасыл көпір» серіктестік бағдарламасына әлемнің 16 мемлекеті қосылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялар орталығының басшысы Рәпіл Жошыбаев мәлімдеді.

«Біздің орталық қызметі «Жасыл көпір» серіктестік бағдарламасын қайта жандандырады. Қазақстанның бұл ірі бастамасына әлемнің 16 мемлекеті мен 16 ұйымы қолдау білдірді», - деді Рәпіл Жошыбаев «Қазақстандағы тұрақты қалалық инфрақұрылым: Астанадағы жасыл құрылыс көрсеткіштері» дөңгелек үстелінде.

Сонымен бірге, бағдарламаға жаңа ірі мемлекеттер қосылуы мүмкін.

«Биыл «Жасыл көпір» бағдарламасына көршілес Қытай мен Оңтүстік Корея елдері қосылады. Қазақстандағы ғимараттардың энергия-су тиміділігін арттыру ауа сапасын жақсартып, су ресурстарын сақтаумен қатар, құрылыс саласында жаңа технологияларды қолдануға ықпал етеді. Қазір де біз келісім бекіткен әрбір қаламен жасыл технологияларды дамытудың, қалалық инфрақұрылымға инвестиция тартудың Жол картасын әзірлеп, халықаралық тәжірибелерді зерттеп жатырмыз», - деді Рәпіл Жошыбаев.

Астананың «Жасыл көпір» өңірлік бастамасы 2010 жылы Қоршаған ортаны қорғау және Азия - Тынық мұхит аймағын дамыту бойынша VI министрлер конференциясында қолдау тапқан болатын. Кейіннен Қазақстан Республикасының Президенті «Жасыл көпір» серіктестік бағдарламасы бойынша бастаманы ұсынды. Ол кеңінен халықаралық қолдау тапты және Рио+20 тұрақты даму бойынша БҰҰ Конференциясының қорытынды құжатына енді.

«Жасыл көпір» бастамасының негізгі міндеті - «жасыл экономика» саласындағы білім, инновация және технологияны алмастыру және трансферттеу жолымен экономикалық өсім бойынша Еуропа, Азия және Тынық мұхиты елдерінің арасындағы ынтымақтастықты дамыту.
null

Айта кетейік, биыл Қазақстан Нью-Йоркте өтетін БҰҰ саяси форумында тұрақты даму мақсаттарын жүзеге асыру бойынша ерікті ұлттық шолуын ұсынады.

Соңғы жаңалықтар