Қазақстанның жастар құрамасы ЕУРО-2019-ға қатысады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Футзалдан 19 жасқа дейінгі жастар арасында Еуропа-2019 бірінші чемпионатының негізгі раунды Финляндияның Тампере қаласында өтеді, деп хабарлайды sports.kz.

U-19 Қазақстан құрамасы 2019 жылдың 26-31 наурызы аралығында өтетін негізгі раундта өнер көрсетеді. Бірінші топқа кірген біздің команда Польша, Франция және Финляндиямен бақ таластырады.

Негізгі кезеңге қатысатын командалар 7 топқа бөлінген. Әр топтың жеңімпаздары Латвиядағы ақтық сынға қатысатын командалар тізімін толықтырады. Ақтық сынның матчы 8-14 қыркүйекте «Арена Ригада» (Рига) өтеді.

Соңғы жаңалықтар