Қазақстанның жастар бірлестіктері президенттік сайлаудың нәтижесін толығымен қолдайды

None
None
АСТАНА. 5 сәуір. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Қазақстанның жастар бірлестіктері президенттік сайлаудың нәтижесін толығымен қолдайды.

Бұл туралы бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында бірқатар жастар бірлестіктерінің жетекшілері мәлім етті.

«Ауыл жастары одағы» корпоративті қорының тең төрағасы Василий Палаевтің сөзіне қарағанда, ауыл жастары Елбасының мемлекеттілікті ары қарай нығайту, қарқынды әлеуметтік-экономикалық реформаларды жүргізу, сондай-ақ әлемдік сахнада Қазақстанның беделін күшейту секілді жоспарын қолдайтынын жеткізді.

«Президент сайлауында мыңдаған ауыл жастары сенімді түрде өз дауыстарын Нұрсұлтан Назарбаевқа берді. Бұл сайлау ашық әрі әділ өтті. Сайлауға қатысқан кандидаттар өз идеяларын жеткізуде тең мүмкіндікке ие болды»,-деді ол.

Сонымен қатар аталған баспасөз мәслихатына қатысқан басқа да жастар ұйымдарының өкілдері өткен президенттік сайлауға байланысты өздерінің пікірлерімен бөлісіп, оның қорытындысымен толық келісетіндіктерін айтып өтті.

Соңғы жаңалықтар