Қазақстанның жасөспірімдер құрамасы «Төрт ұлт турнирінен» күміс жүлде алды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Латвияда хоккейден «Төрт ұлт турнирі» аяқталды. Қазақстан жасөспірімдер құрамасы аталған жарыстан күміс жүлдемен оралды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Olympic.kz сілтеме жасап.

Жарыстың соңғы матчында қазақстандықтар Латвиямен ойнап, 3:0 есебімен жеңіске жетті. 

0:1 - Залевский -21:40

0:2 - Филиппенко (Ищенко)- 23:52

0:3 - Ищенко (Омирбеков, Диханбек) - 30:36

Турнир қорытындысы бойынша Қазақстан жасөспірімдер құрамасы 6 ұпай жинап, екінші орын иеленді. Бірінші орында 7 ұпайы бар Беларусь құрамасы. Латвиялар 3 ұпаймен үшінші орынды қанағат тұтты. 

Соңғы жаңалықтар