Қазақстанның жас сценаристері, клипмейкерлер мен режиссерлері әлемдік мамандардың қызығушылығын туғызып отыр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанның жас сценаристері, клипмейкерлер мен режиссерлері әлемдік мамандардың қызығушылығын туғызып отыр. Бұл туралы бүгін Мәжілістегі Үкімет сағатында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жаман нәрсе болған кезде, барлығы әкімдіктер, министрліктер мен әлеуметтік қызметтер тарапынан кінәліні іздейді. Ал егер азаматтарымыз қандай да бір жетістікке қол жеткізсе, онда адамдар бұған тек өз еңбегімен ғана жетті деп қарайды. Бірақ олай болмайды: мемлекет қоғаммен бірге елде болып жатқан барлық жақсы және жаман істер үшін жауапты. Кейде аға буыннан жастарымыздың мемлекетке тұтынушылық көзқараста екенін, бұл масылдық көңіл-күйдің үстемдігі және оның отансүйгіштікке жатпайтынын естіп жатамыз. Бірақ бұл толық жағдайды көрсете алмайтын микротрендтер«, -деді Д. Абаев.

Осы орайда министр жағдайды толық сипаттау үшін жас қазақстандықтардың сауаттылық деңгейі бойынша әлемдегі алғашқы орындардың бірінде екенін, біздің оқушылар математикадан, физикадан, бағдарлама жасаудан әлемдік олимпиадаларда ең мықтылардың қатарында екенін айту керектігіне назар аудартты.

»Оған қоса, біздің жас әртістеріміз, суретшілеріміз, бишілеріміз, сценаристеріміз, клипмейкерлер мен режиссерлеріміз қазір көптеген әлемдік мамандардың қызығушылығын туғызуда. Қазақстандық оқушылардың робототехника бойынша жобалары жай ғана технологиялық емес, олар, ең алдымен ізгілікке бағытталған. 14 және 15 жас аралығындағы жастарымыз өзендер мен көлдерді тазалауды, атмосфераға зиянды заттардың шығарылуын қысқартуды, топырақтың құнарлылығын арттыруды армандайды. Бірақ, олар туралы жаңалықтарды оқығысы келетіндер аз«, - деді ол.

Мысалы, оның дерегінше, астаналық мектептердің біріндегі төртінші сынып оқушыларының төбелесі туралы ақпаратты танымал жаңалықтар ресурстарының бірінде 50 мыңға жуық қазақстандық оқыпты. Ал «Ғылым көмегімен әлемді жақсартуға ұмтылатын 5 оқушы» мақаласын сол порталда 10 есе аз оқыған. Бірақ, шынайы бағалы мақала осы емес пе?«, - деді Дәурен Абаев.

Соңғы жаңалықтар