Қазақстанның жас робототехниктері Дубайда қола медаль жеңіп алды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанның жас робототехниктары FIRST Global чемпионатында қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазақстанның жас робототехниктары 24-27 қазан аралығында Дубайда өткен әлемнің ең әйгілі FIRST Global чемпионатында қола медаль жеңіп алды. Биылғы жарысқа 191 мемлекеттен ең білікті оқушылар қатысып, бақ сынасты. FIRST Global-дың екі күндік іріктеуінің нәтижесі бойынша біздің балалар - Дильназ Камалова, Женибек Манабаев, Бақтияр Теміров, Елтай Қасым және Ержан Қабдықайыров - барлық қарсыластарын баса озып, маусымның фаворитіне айналды. Оқушыларымыз Израиль, Қытай, Сингапур және басқа дамыған мемлекттерден келген ең үздік ойыншыларды жеңіп, топ жарды», - делінген Kerneu Technologies компаниясының Facebook-тегі парақшасында жарияланған ақпаратта

Еліміздің намысын Алматылық Назарбаев Зияткерлік мектебінің, Хейлибери Қазақстан, сондай-ақ Қарағандының Нұрмақов атындағы мамандандырылған мектеп-интернатының оқушылары қорғады. Жас робототехниктер бұл жеңіспен Қазақстан STEM саласында дамыған мемлекет екенін барша әлемге мойындатты.

Соңғы жаңалықтар