МӘСКЕУ. Шілденің 1-і. ҚазАқпарат /Арнұр Рахымбетов/ - Ресейдің «Курчатов институты» ғылыми орталығында сейсенбі күні ТМД елдерінің жас ғалымдарына, аспиранттары мен жоғары курс студенттеріне арналған наножүйелер мен материалдарды зерттеудің заманауи әдістеріне арналған жоғарғы курстардың ресми ашылуы болды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«ТМД-ның Нанотехнологиялар халықаралық инновациялық орталығын құру» форумы аясында Курчатов институты мен Ядролық зерттеулердің бірлескен институтының базасында өтіп жатқан курстар шілденің 13-іне дейін созылады.