Қазақстанның жас дипломаттары туралы кітап таныстырылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін елордада еліміздің жас дипломаттары туралы «Қазақстан дипломатиясының жаңа есімдері» атты кітаптың таныстырылымы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кітап таныстырылымына ҚР Сыртқы істер министрлігінің орынбасары Роман Василенко, жас дипломаттар және ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Дипломатия институтының тыңдаушылары қатысты.

«Осы бастамамыз арқылы «100 жаңа есім» ұлттық жобасына үлесімізді қосу мақсатын алдымызға қойған едік. Кітапта 26 жаңа есім бар. Себебі, өткен жылы Тәуелсіздігіміздің 26 жылдығын атап өттік. Біздің жастарымыз Тәуелсіздік дәуірінің ұрпағы. Олар Сыртқы істер министрлігі жүйесінде лайықты еңбек етіп жүр. Бұл кітапта олардың тарихы мен қатар көзқарастары да жан-жақты берілген. Бұл жұмыстар алдағы уақытта да өз жалғасын табады және қоғамымызға қазақстандық дипломатияның жаңа есімдерін таныстырады», - деді шара барысында Роман Василенко.
null

Айта кетерлігі, кітаптың алғы сөзін еліміздің бұрынғы Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов жазған.

«Бұл кітапта біз көпшілігі тәуелсіз қазақстанда туып-өскен жас дипломаттар туралы әңгімелейміз. Бұлар жаңа толқын, жаңа дәуірдің - Тәуелсіздік дәуірінің азаматтары. Олар жаңаша оймен, Отанға және оның мүдделеріне деген ерекше сезіммен, ұшқары мақсаттарға және прагматизмге ұмтылуымен, болашаққа деген сенімді көзқарасымен және барлық халықаралық әріптестермен тең дәрежеде диалог құра білуімен ерекшеленді», - деп атап өтеді ол.
null

Жалпы бұл жоба 2018 жылдың жазында, Қазақстан дипломатиялық қызметінің 26 жылдығы қарсаңында ұйымдастырылды. Сол кезде Сыртқы істер министрлігінің Фейсбуктегі ресми парақшасында «Дипломатияның 26 жаңа есімі» жобасы басталған еді.
null

Соңғы жаңалықтар