Қазақстанның Жапониядағы елшілігінде Денис Тенмен қоштасуға келгендердің санында шек жоқ

None
None
  АСТАНА. ҚазАқпарат - Танымал мәнерлеп сырғанаушы Денис Тенді еске алу рәсімі Токиодағы Қазақстан елшілігінде де өтіп жатыр. Спортшының жапондық табынушылары өз кумирімен қоштасу үшін ұзын-сонар кезекте тұр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Елшілік жіберген видеожазбаларда гүл ұстаған халықтың көңіл айту кітабына жазба қалдыру үшін кезекте тұрғанын көруге болады.

ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Айбек Смадияровтың хабарлауынша, толассыз адамдар легі Елшілікке әлі де келіп жатыр және олар көңіл айтуға арналған сегіз кітапты толтырып үлгерді.
nullnull

Айта кетейік, бүгін Астана мен Алматы қалаларында даңқты спортшымен қоштасу рәсімі өтіп жатыр.

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Денис Теннің отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады.

Шараға ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев, Астана әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев және Оңтүстік Корея мен Жапонияның Қазақстандағы елшілері қатысуда.

Сондай-ақ әйгілі спортшымен қоштасу рәсіміне қазақстандық кəсіпқой боксшы Геннадий Головкин де келді.

Айта кетейік, қазақстандық спортшы Денис Тен 19 шілде күні пышақтан алған жарақаттан қайтыс болды. Спортшы көлігінің айнасын ұрламақ болған екі адамның қылмысының үстінен түскен. Арада басталған жанжалдың салдарынан ұрылар Денис Тенге пышақ сұғып алған.

nullnullnullnullnullnullnullnull
nullnullnull

Соңғы жаңалықтар