USD 434.34 EUR 491.93
RUB 5.56 CNY 68.67
Jańalyqtar

Қазақстанның жаңа Бас мүфтиі сайланды

2017 жылғы 8 желтоқсан 11:53
Бөлісіңіз:
Қазақстанның жаңа Бас мүфтиі сайланды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Қазақстан мұсылмандарының кезекті VIII құрылтайы өтіп жатыр. Жиын барысында Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының жаңа Бас мүфтиі сайланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Құрылтайға қатысушы 300-ден астам делегат Серікбай қажы Оразұлының кандидатурасын бірауыздан қолдады.

Жаңа Бас мүфти 4 жыл, яғни 2018-2022 жылдар аралығында қызмет атқаратын болады. Сондай-ақ Бас мүфти орынбасарлары лауазымына Наурызбай қажы Тағанұлы, Алау Əділбаев, Бауыржан Есмаханов сайланды.

"Маған көмекші болу əсте оңай еді. Бірақ таңдау солай болса, мен бұл міндетті атқаруға дайынмын", - деді Серікбай қажы Оразұлы.

Құрылтай жұмысына ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төралқа мүшелері, Ғұламалар кеңесінің мүшелері, теолог-ғалымдар, зиялы қауым өкілдері, еліміздің әр облысынан келген құрылтай делегаттары қатысуда.

Қазақстанның бұрынғы Бас мүфтиі Ержан қажы Малғажыұлы өзі қызмет атқарған 2013-2017 жылдар аралығында іске асырылған жұмыстар жөнінде есеп берді.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT