Қазақстанның заң мамандары әзербайжандық әріптестерімен кездесті

None
None
БАКУ. ҚазАқпарат – Жоғарғы сот төрағасы Жақып Асанов бастаған қазақстандық делегация Әзербайжанға жұмыс сапарымен келді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісі.

Аталмыш сапар Германияның халықаралық ынтымақтастық қоғамының (GIZ) қатысуымен өтті. Атап айтқанда, жиын GIZ бағдарламасының «Орталық Азия елдерінде құқықтық мемлекеттілікті ілгерілету» бағдарламасының директоры және ұлттық үйлестірушісінің қатысуымен ұйымдастырылып отыр. Делегация құрамында мамандандырылған сот алқасының төрағасы, Парламент Сенатының депутаты, Жоғарғы Сот департаменті бастығының орынбасары және Бас прокурордың Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті төрағасының орынбасары бар.

Жақып Асанов Әзербайжан Жоғарғы Сотының төрағасымен, Парламенттің құқықтық саясат және мемлекеттік құрылыс комитетінің төрағасымен кездесті. Әңгіме барысында тараптар мемлекеттер арасындағы қатынастардың дамуындағы оң динамиканы ерекше атап өтіп, екі елдің әділет органдарының одан әрі жемісті ынтымақтастығына сенім білдірді. Сонымен қатар, Жақып Асанов әзербайжандық әріптестерін қазақстандық сот жүйесіндегі негізгі өзгерістермен таныстырды. Атап айтқанда, судья болуға үміткерлерді іріктеуді күшейту, судьялардың кәсіби қызметін бағалаудың жаңа әдістерін, сот актілерінің жаңа форматын және үкім жарияланғаннан кейін оның мәнін түсіндіру тәжірибесін енгізу жұмыстарымен таныстырды. Сондай-ақ, бірыңғай сот практикасын қалыптастыру, азаматтарды қабылдау орталықтарының жұмысы мен соттан тыс татуласу, татуластырушы судьялар, отбасылық және түнгі соттар, фронт-кеңселердің қызметі туралы айтылды.

Әңгіме барысында Жақып Асанов тәжірибе алмасудың тиімділігіне тоқталды. Сондай-ақ, ол қоғамдық-құқықтық дауларды қараудағы сот практикасын, бітімгершілік рәсімдерді зерттеуге қызығушылық білдірді.

Өз кезегінде Әзербайжан Жоғарғы сотының төрағасы өзара тиімді серіктестік қағидаттары бойынша екіжақты қатынастарды нығайтуға қызмет ететін ынтымақтастықты одан әрі тереңдету қажеттілігін атап өтті. Сонымен бірге, ол әкімшілік әділет орнату, заманға сай сот инфрақұрылымын құру, судьяларды іріктеу және жаңа электрондық жүйелерді пайдалану саласындағы тәжірибесін қазақстандық әріптестерімен бөлісуге дайын екен атап өтті.

Сондай-ақ, қазақстандық делегация әкімшілік-экономикалық және апелляциялық соттарда, адвокаттар алқасында болып, онда Қазақстан Республикасының Әкімшілік іс жүргізу кодексі жобасының аспектілерін талқылады.

Авторы Бекбау Тайманов

Соңғы жаңалықтар