+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

Қазақстанның вакцина паспорты қай елдерде жарамды

2021 жылғы 14 маусым 17:17
Бөлісіңіз:
Қазақстанның вакцина паспорты қай елдерде жарамды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазіргі таңда Қазақстанның вакцина паспорты үш елге турист ретінде кіруге жарамды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Вакцина паспортын қолдан жасау бойынша 60-тан астам қылмыстық іс қозғалған Кәсіпорындардағы вакцинация мәселесі корпоративтік әдеппен астасып жатыр - Абаев Атырауда тағы он адам 200 мың теңгенің ақшалай ұтысына ие болды

Бұл туралы Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Дастан Рыспеков орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде айтты.

«Жалпы қазір көптеген елдер ПТР-тестпен қатар вакцинация паспортымен де туристерді қабылдайды. Біздің Денсаулық сақтау министрлігі қазіргі кезде басқа елдердің үкіметімен тиісті келіссөз жүргізіп жатыр. Мысалы, бүгінде Моңғолия, Таиланд және Мажарстан туристерді біздің вакцинация паспортымен кіргізе береді. Осындай елдердің санын көбейту үшін жұмыс жүргізіліп жатыр», - дейді Дастан Рыспеков.

Сондай-ақ, ол Мальдив аралдарының билігімен де қазақстандық вакцина паспорты бар туристерді қабылдау бойынша келіссөз жүріп жатқанын жеткізді.

«Қазір Мальдив аралдарына бару үшін Қазақстан Республикасының азаматтарына міндетті түрде ПТР-тест қажет. Мальдив аралдарының үкіметімен біздің вакцина паспортын қабылдау бойынша мәселелер шешіліп жатыр. Шешілгеннен кейін ПТР-тестсіз-ақ, вакцина паспортымен кіруге мүмкіндік болады», - деді комитет басшысы.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Есімжан Нақтыбай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT