Қазақстанның үздік жас робототехниктері елордада өзара мықтыны анықтауда

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордадағы Назарбаев орталығында робототехника бойынша «KazRoboProject-2019» респубикалық ғылыми-техникалық жобалар байқауының ақтық кезеңі өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Байқауды ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы қоры мен «КазРоботикс» білім беру және спорттық робототехника бойынша федерациясы бірлесіп үшінші мәрте ұйымдастыруда. Байқаудың мақсаты - Қазақстанда робототехника саласын дамыту, оның түрлі бағыттарын, соның ішінде спорттық түрін өркендету, техникалық инновацияларға қатысты жастардың идеяларын қолдау болып отыр.

Осы жылдың наурыз бен мамыр айларының аралығында еліміздің барлық 17 өңірінде 10 мен 21 жас аралығындағы жастар аталмыш байқауға іріктелген болатын. Бастапқы кезеңге Қазақстанның үздік 200 жас конструкторы қатысқан еді. Ақтық сынға араларынан 30 команда іріктеліп шықты.

«Елбасы жастарды әркезде қолдап келеді. Сіздердің қабілеттеріңізді шыңдауға бағытталған жобалар баршылық. Олардың бірі - Қазақстанның брендіне айналған «Болашақ» стипендиялық бағдарламасы. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қолға алынған «100 жаңа кітап», «100 жаңа есім» ұлттық жобалары барын өздеріңіз білесіздер. Біздің елімізге адамның әлеуетін арттыруға және өскелең ұрпақтың шығармашылығын қолдау өте маңызды. Жас өнертапқыштарға сәттілік тілеймін», - деді ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы қоры басшысының директорының орынбасары Игорь Рогов.

Жаңа ғана басталған робототехниктердің сайысының қорытындысы кешкі төртте шығады. Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген жас өнертапқыштар техниканың түр-түрінің макетін жасап, қазірдің өзінде төрешілердің таң қалдыруда.

Соңғы жаңалықтар