Қазақстанның үздік жас пианистері анықталады

Фото:
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстанда ұлттық «фортепиано мектебін» дамыту мақсатында Мәдениет және спорт министрлігі республикалық Astana Piano Passion жас пианистер конкурсын өткізеді. Бұл туралы ҚазАқпарат ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Байқауға еліміздің 7-17 жас аралығындағы жас пианистері қатыса алады.

Astana рiano рassion жас пианистердің республикалық конкурсына қатысуға өтінім қабылдау 19 қыркүйекте басталған, 25 қазанда аяқталады.

Байқауға қатысу үшін қатысушылар өтінімді konkursmuz@mail.ru электронды поштасына жібере алады.

Іріктеу кезеңі 27 қазаннан 9 қарашаға дейінгі аралықта өңірлерде ұйымдастырылады.

Жартылай финал 15-17 қараша аралығында, финал 20-21 қарашада Астанада өткізіледі. Жеңімпаздар мен дипломанттар 23 қарашада болатын гала-концертте марапатталмақ.


Соңғы жаңалықтар