Қазақстанның үздік заңгерлері марапатталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада «Конституция: құқық үстемдігінің, азаматтық қоғам мен заманауи мемлекеттің құндылықтарын іске асыру» атты халықаралық конференциясы аясында «Үздік жас заңгер-2018» байқауының жеңімпаздары марапатталды. Байқау Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасы Қорының ұйымдастыруымен өткен болатын, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ата Заңмыз өзінің өміршеңдігін көрсетіп отыр. Өйткені қолданыстағы Конституция тыныштықты, экономикалық өсуді және Қазақстанда құқық үстемдігін қамтамасыз етіп отыр. Сондықтан Конституция күні бүкіл Қазақстан халқы үшін үлкен мереке. Конституция - егемен Қазақстанның берік іргетасы, азаттығымыздың айшықты айғағы, құндылықтарды ұлықтаған елдігіміздің киелі кітабына айналған қастерлі құжат. Қасым ханның қасқа жолынан, Есім ханның ескі жолынан, әз Тәукенің «Жеті жарғысынан» бастау алып, жалпы демократиялық принциптерге негізделген Ата Заңымызға биыл 23 жыл толып отыр. Сіздерді алда келе жатқан Қазақстан Республикасы Конституциясы күнімен құттықтаймын», - деді ҚР Конституциялық Кеңесінің төрағасы Қайрат Мәми.
null 

Айта кетейік, байқау жоғары білікті заңгерлердің қоғамның және мемлекеттің алдындағы еңбегін мойындау, Қазақстанның құқықтық саладағы беделді мамандарының пулын қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылды.

Байқауға жалпы 106 өтінім келіп түскен. Қатысушыларды іріктеуді ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы қоры атқарушы директорының орынбасары Игорь Роговтың төрағалығымен қазылар алқасы жүзеге асырды.
Өтінім бергендердің арасында соттар мен прокуратуралардың өкілдері, квазимемлекеттік сектордың қызметкерлері, орталық атқарушы органдар құрылымдарының мамандары, ішкі істер бөлімдерінің қызметкерлері, сот сарапшылары, адвокаттар мен ЖОО-лардың оқытушы құрамы өкілдері бар.

Сонымен, «Заң шығарушылық қызметіне қатысу» аталымында бірінші орынды Сәуле Мектепбаева иеленді. «Заң ғылымдарына қосқан үлесі үшін» аталымы бойынша Муслим Хасенов үздік деп танылса, «Құқықтық білім беру және ағартушылық» аталымында Мирас Дауленов бірінші орынға лайықты болды.

Барлық аталымдар бойынша бірінші орынның иегерлеріне «Үздік жас заңгер-2018» атағы беріліп, 1 миллион теңге сомасында ақшалай сыйақы тапсырылды.
null

null null 

null 

Соңғы жаңалықтар