Қазақстанның үздік радиостанциясы белгілі болды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Қазмедиа» орталығында өтіп жатқан «Үркер-2019» ұлттық байқауында «Жыл радиостанциясы» аталымы бойынша жеңімпаз ұжым анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жыл радиостанциясы» аталымына төрт ұжым ақтық үміткер ретінде бақ сынаған болатын:

«Радио Классик»

«Орда ФМ»

«Радио Астана»

«Алау»

Солардың арасынан «Радио Классик» үздік шықты.

Еске салсақ, «Қазмедиа» орталығында өтіп жатқан «Үркер-2019» байқауында «Жыл фотографиясы», «Жыл репортажы» , «Жылдың аналитикалық материалы», «Жыл журналистік зерттеуі», «Жыл сұхбаты», «Қазақстан туралы жылдың танымдық материалы» аталымдары бойынша жеңімпаздар анықталған болатын. Сондай-ақ, ҚазАқпарат тілшісі Аян Өрібаев «Үркер» ұлттық сыйлығын жеңіп алды

Үшінші жыл қатарынан өтіп жатқан «Үркер-2019» ұлттық байқауының қорытындысы биыл ресми бекітілген БАҚ қызметкерлері күніне дөп келіп отыр.

Соңғы жаңалықтар