+7 (701) 759 90 19
USD 435.76 EUR 493.41
RUB 5.89 CNY 68.37
Jańalyqtar

Қазақстанның үздік педагогтары Қостанайда марапатталды

2021 жылғы 29 қыркүйек 18:59
Бөлісіңіз:
Қазақстанның үздік педагогтары Қостанайда марапатталды

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат- Бүгін Қостанайда мұғалімдердің кәсіби мерекесі қарсаңында «Үздік педагог – 2021» республикалық байқауының қорытындысы шығарылды. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Facebook-те жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Қостанай облысында ауыл шаруашылығы техникасын қайта өңдеу жобасы іске қосылады Қостанай облысында трактор, комбайндардың рамасы мен кабинасы шығарылады Қостанайда автомобиль өндірісі ұлғайтылмақ

«Биыл оныншы рет өтіп жатқан мерейтойлық рәсім Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында ұйымдастырылып, аса көрнекті ағартушы, педагог Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығымен тұспа-тұс келді. Осыған байланысты біз іс-шараны ұлы ағартушының туған жерінде өткіземіз деп шешім қабылдадық.

2020 жылдың қаңтарында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Педагог мәртебесі туралы» Заңға қол қойды. Президенттің қолдауының арқасында және осы Заңның қабылдануының нәтижесінде біз мұғалімдердің жалақысын арттырып, педагогтерді өзіне тән емес функциялардан босату бойынша жұмыс жүргіздік.

Бүгін еліміздің түкпір-түкпірінен келген 64 мұғалім «Үздік педагог-2021» атағына ие болды. Педагогтердің әрқайсысы 1000 АЕК көлемінде сертификатпен және «Үздік педагог» төсбелгісімен марапатталды. Сонымен қатар ақшалай сыйақылар жергілікті атқарушы органдар тарапынан да бекітілді. Бұл күні 10 педагог «Еңбек ардагері» медалімен және «Ы. Алтынсарин», «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгілерімен марапатталды. Педагогика саласының еңбек ардагерлеріне де құрмет көрсетілді.

Барлық жеңімпазды лайықты марапаттарымен құттықтаймын! Қажырлы еңбектеріңіз бен мамандыққа деген адалдықтарыңыз үшін алғыс айтамын», - деп атап өткен Асхат Аймағамбетов өз жазбасында.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT