Қазақстанның үздік мейрамханалары мен қонақ үйлері анықталмақ

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2018 жылдың наурыз айында Қазақстанның үздік мейрамханалары, қонақ үйлері және үздік деп танылған өзге де демалыс орындары марапатталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы «HoReCa» қонақ үй-мейрамхана бизнесі қауымдастығының президенті Игорь Копайлов Астанада өткен баспасөз брифингінде мәлім етті.

«2018 жылдың наурыз айында Қазақстандағы «Үздік мейрамхана», «Үздік қонақ үй», «Үздік түнгі клуб», «Үздік рестобарды» анықтайтын тұңғыш «HoReCa Awards» марапатын өткізуді жоспарлап отырмыз. Бұл шын мәнінде ең мықтыны анықтайтын әділ байқау болмақ. Қараша айында арнайы комиссия құрып, жүлде тағайындау жұмыстарын бастамақшымыз», - деді Игорь Копайлов.

Қауымдастық басшысының айтуынша, алғашқы байқау Астана, Алматы, Шымкент қалаларының мекемелері арасында жүргізіледі.

«Келесі жылы барлық облыс орталықтарын қамтуға тырысамыз», - деп өз сөзін түйіндеді Игорь Копайлов.

Соңғы жаңалықтар