Қазақстанның үздік кітапханасы анықталды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы елдің кітапханашыларының съезінде «Читающий регион» - «Оқырманы озық өлке» байқауының жеңімпазы номинациясын жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мекемеден мәлім еткендей, «Кітапхана қоғамның көпфункционалды, көпдеңгейлі әлеуметтік-мәдени институты іспеттес» атауындағы кітапханашылардың жалпықазақстандық съезі Астананың 20 жылдығын тойлау аясында Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында өтті.

Съезге 200 кітапханашы қатысты. Олардың 184-і - қазақстандық делегаттар, ал қалған 16 қатысушы - АҚШ, Түркия, Беларусь, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан және т.б. елдерден келген мамандар.

null 

Соңғы жаңалықтар