Қазақстанның үздік бухгалтері мен аудиторына байқау жарияланды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда үздік бухгалтерді анықтай үшін байқау өткізіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Қаржы министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Министрлік мамандықтың беделін қолдау мақсатында, сондай-ақ Қазақстандағы бухгалтерлік есеп және аудит саласындағы мамандардың шеберлігін жетілдіру үшін «Үздік бухгалтер» және «Үздік аудитор» бағыттары бойынша «Мамандығы бойынша үздік» республикалық конкурс өткізеді.

Аталмыш шараға «Pricewaterhouse Coopers» ЖШС аудиторлық ұйымының, «Нархоз» Университеті» АҚ-ның, «ҚМЭБИ» университетінің және «The Boss media group» ЖШС қатыстырылады.

Республикалық конкурсты жыл сайын өткізу жоспарланып отыр.

Конкурсқа Қазақстанда тұратын барлық кәмелетке толған азаматтар қатыса алады. Байқаудың ережесі осында және uchet.kz порталында жарияланған.

Жүлделер мен сертификаттарды беру 2018 жылғы 12 желтоқсанда Астана қаласында «Есепке алу, аудит және оларды реттеудегі соңғы өзгерістер» тақырыбындағы конференцияда салтанаттты марапаттау рәсімінде өткізіледі.

Соңғы жаңалықтар