Қазақстанның үздік боксшы қыздары Сербия турниріне қатысады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Әйелдер боксынан ұлттық құрама мүшелері «Ұлттар кубогі» халықаралық додасында ел намысын қорғайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Olympic.kz сайтының мәліметінше, әйелдер боксынан «Ұлттар кубогі» халықаралық турнирі Сербияның Сомбор қаласында өтеді. Байрақты бәсеке 9-17 қаңтар аралығына жоспарланған.

Қазақстан құрамасынан 9 спортшы қатысады:

Арайлым Марат (48 кг)

Дина Жоламан (54 кг)

Владислава Кухта (57 кг)

Римма Волосенко (60 кг)

Жансая Балтабекова (64 кг)

Валентина Хальзова (69 кг)

Марина Вольнова (75 кг)

Гүлсая Ержан (81 кг)

Ләззат Күнгейбаева (+81 кг)


Соңғы жаңалықтар