Қазақстанның үздік баспасөз қызметтері анықталды

None
None
  АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін елордадағы «Қазмедиа» орталығында «Astana Media Week» қазақстандық медиа-апталығы аясында ұйымдастырылған «Жылдың үздік баспасөз қызметі» байқауының жеңімпаздары марапатталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алдымен барша жеңімпаздарды ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев құттықтап, олардың алдағы уақытта жұмыстарына толағай табыстар тіледі.

«Ең алдымен осы шараны ұйымдастырып, бастан-аяқ жүргізген ұйымдастырушыларға, қатысқан телеарналардың басшыларына, қызметкерлеріне, продакшн компанияларға, журналистерге шын жүрегіммен алғысымды білдіремін.  2 мыңға жуық қонақ болды. Оның ішінде  шетелден келген қонақтар да бар. Осындай шаралар жалғасын тауып, еліміздің медиа саласында оң нәтижесін береді деп сенемін», - деді Дәурен Абаев.null 

Сонымен байқау қазылар алқасының шешімімен «Орталық мемлекеттік органның үздік баспасөз қызметі» аталымында Қорғаныс министрлігі, «Бизнес және квазимемлекеттің сектордың үздік баспасөз қызметі» аталымында «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы, «Жергілікті атқарушы органның үздік баспасөз қызметі» аталымында Алматы қаласының әкімдігі, «Қоғамдық ұйымдардың үздік баспасөз қызметі» аталымында ҚР Тұңғыш Президенті қоры, «Жылдың үздік баспасөз хатшысы» аталымында Алматы қалалық ішкі істер департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек, «Баспасөз қызметі - жыл серпіні» аталымында ҚР Бас прокуратурасы, «Үздік корпоративтік сайт» аталымында ҚР Инвестициялар және даму министрлігі жеңіске жетті. Жеңімпаздарға алғыс хат пен кубок табыс етілді.

nullАйта кетейік, «DIGITAL MEDIA» тақырыбымен өткен  «Astana Media Week» қазақстандық медиа-апталығы бүгін өз мәресіне жетті.

Медиа-апталық «Контент-маркет» көрмесімен ашылды. Сондай-ақ, медиа-апталықтың бірінші күні Media Talks пікірталас алаңы жұмыс істеді. Ток-шоу форматында «Болашақтағы кәсіптер» талқыланды. Ал екінші күні «Өңірлік БАҚ форумы» өткізілді. Онда медиа саланың беделді сарапшылары цифрлық БАҚ трансформациясы сауалдарын, контент нарығы, өндірісі мен дистрибуциясы қандай болатынын, Қазақстанда медиа сауаттылық пен медиа білімнің даму мәселерін және болашағын, әрі отандық масс-медиа қызметіне қатысты заңнама саласындағы реформаларды талқылады. 27 және 28 қыркүйек күндері «Өңірлік БАҚ альянсы» орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың баспасөз хатшылары, баспасөз қызметтерінің мамандары мен өңірлік БАҚ тілшілері үшін семинарлар мен тренингтер ұйымдастырады. AMW аясында үшінші күні, сондай-ақ ASTANA DIGITAL FORUM өтті.

null  null null null  null null null 

Соңғы жаңалықтар