Қазақстанның үздік 10 боксшысы рейтингінде айтарлықтай өзгеріс болды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Boxrec.com сайты Қазақстанның үздік боксшылары рейтингін жаңартты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.

BoxRec рейтингінде айтарлықтай өзгеріс болды.

Қанат Ислам кәсіби мансабындағы бірінші жеңілісінен кейін екінші орыннан алтыншы орынға түсіп қалды.

Мейірім Нұрсұлтанов оныншы орыннан бірден 2-орынға көтерілді. Қазақстанның үздік боксшылары ондығына Бекман Сойлыбаев кірді.

Ақпан қорытындысы бойынша ТОП-10 қазақстандық боксшы:

1. Жәнібек Әлімханұлы (11-0, 7 КО) — 31.14

2. Мейірім Нұрсұлтанов (16-0, 9 КО) — 17.82

3. Батыр Жүкембаев (19-1, 15 КО) — 16.93

4. Руслан Мәдиев (14-2, 5 КО) — 14.25

5. Данияр Елеусінов (11-0, 6 КО) — 12.66

6. Қанат Ислам (28-1, 22 КО) — 12.50

7. Әли Ахмедов (18-1, 14 КО) — 10.81

8. Бекман Сойлыбаев (13-1, 5 КО) — 7.788

9. Айдос Ербосынұлы (16-0, 11 КО) — 7.048

10. Жан Кособуцкий (17-0, 16 КО) — 6.083.


Соңғы жаңалықтар