Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: Министрлер атқарылған жұмыстар бойынша есеп берді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Үкімет үйінде бейнеконференция байланысы режимінде Қазақстанның Үшінші жаңғыруын жобалық басқару аясында атқарылған жұмыстардың жай-күйі жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.

Кеңес барысында экономика салаларын цифрландыру және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды, отын-энергетикалық кешенді, индустрияландыруды, көлік және логистиканы дамыту, сондай-ақ  технологиялық жаңғырту мен инвестицияларды тарту мәселелері бойынша 9 айдағы алдын ала есептер, 2018 жылдың соңына дейінгі жоспарлар талқыланды.

Бейнеконференция режимінде Ұлттық экономика министрі Т. Сүлейменовтың, Инвестициялар және даму министрі Ж. Қасымбектің, Ақпарат және коммуникациялар министрі Д. Абаевтың және Энергетика вице-министрі Б. Ақшолақовтың баяндамалары тыңдалды.

Сонымен қатар кеңес барысында Премьер-Министрдің орынбасарлары Е. Досаев пен А. Жұмағалиев сөз сөйледі.

 

Соңғы жаңалықтар