Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 386.05 EUR 428.25
RUB 5.84 CNY 54.65
Jańalyqtar

«Қазақстанның үшінші жаңғыруы» мақсатына Үкімет 2,4 трлн теңге бөледі

2017 жылғы 13 ақпан 17:14 504
Бөлісіңіз:
«Қазақстанның үшінші жаңғыруы» мақсатына Үкімет 2,4 трлн теңге бөледі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауының басымдықтарын іске асыру үшін ел Үкіметі 2,4 трлн теңгеден астам қаржы бөледі. Бұл туралы ҚР Үкіметі отырысында 2017-2019 жылдарға арналған нақтыланған республикалық бюджет жобасын таныстыра отырып, ҚР қаржы министрі Бақыт Сұлтанов хабарлады.

Оның айтуынша, бюджеттің шығыс бөлігін нақтылаудың басым бағыты Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру болып табылады. Осы мақсаттарға бюджетте 2 435 млрд теңге қарастырылған, деп хабарлайды ҚР Үкіметінің сайты.

Сонымен қатар, Жолдауды іске асыру келесі шаралар арқылы жүзеге асырылатын болады: экономиканы жеделдетілген технологиялық жаңғырту - 231 млрд теңге; бизнес ортаны түбегейлі жақсарту және кеңейту - 0,7 млрд теңге; макроэкономикалық тұрақтылық - 2 093,1 млрд теңге; адам капиталының сапасын арттыру - 86,2 млрд теңге; институционалдық түрлендіру, қауіпсіздік және сыбайлас жемқорлықпен күрес - 23,9 млрд теңге.

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT