Қазақстанның үш өңірінде көлік қозғалысына шектеу қойылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның өңірлерінде ауа райының қолайсыздығына байланысты бірқатар күре жолдарындағы жол қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарланады ҚР ІІМ ТЖ бойынша комитетінің сайтынан.

30 наурызда Қарағанды облысында күн райының бұзылуына (бұрқасын, көктайғақ) байланысты Қарағанды қаласынан көліктің барлық түрлері үшін барлық бағыттар бойынша қозғалыс жабылды.

30 наурыз күні Павлодар облысында ауа райы жағдайының қолайсыздығына (жолдың нашар көрінуі) байланысты «Қызылорда-Павлодар» күре жолының учаскесі (1135-1205 шақырымдар) және «Ульяновский-Қалқаман» тас жолының учаскесінде (138-231 шақырымдар) көліктің барлық түрлері үшін қозғалыс жабылды.

Жамбыл облысында 30 наурыз күні күн райының нашарлауы (қар, көктайғақ, жолдың нашар көрінуі) себебімен «Алматы-Екатеринбор» күре жолының учаскесі (343-490 шақырымдар) мен «Алматы-Ташкент» тас жолының учаскесі (160-213 шақырымдар) көліктің барлық түрлері үшін қозғалыс жабылды.

Соңғы жаңалықтар