Қазақстанның үш облысында жол бөліктері жабылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанның үш облысында автокөлік жолдары жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «QazAvtoJol» компаниясына сілтеме жасап.

Ауа райының қолайсыздығына байланысты Жамбыл облысында Алматы – Ташкент - Термез автожолының Кенен – Қайнар ауылдары арасындағы 158-238 шақырымдары жабылды.

Қарағанды облысында Екатеринбург - Алматы жолының Қарағанды – Балқаш бөлігі – 1505-1858 шақырымдары жабылды.

Сонымен бірге, Түркістан облысында Алматы – Ташкент – Термез автожолының Жамбыл және Түркістан облыстарының шекарасында 546-593 шақырымда көлік қозғалысы уақытша тоқтатылды.

Бұған дейін «Алматы-Ташкент-Термез» автожолы жабылғаны хабарланған еді.

Соңғы жаңалықтар