Қазақстанның үш облысында жол ашылып, көлік қозғалысы қайта жанданды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Күн жылынып, ауа райының тұрақталуына байланысты бірқатар облыста жол ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметінше, бүгін таңғы 06:00 кезінде Ақмола облысында «Нұр-Сұлтан-Ерейментау-Шідерті» автожолының 16-200 шақырымы ашылған.

Бұл - Нұр-Сұлтан қаласы мен Павлодар облысының шекарасы аралығындағы учаске.

Сонымен қатар, бүгін таңертең Ақмола облысы шекарасынан Павлодар облысының Шідерті ауылына дейінгі тасжолда көліктің барлық түріне жүруге рұқсат берілді. Бұл - «Нұр-Сұлтан -Ерейментау-Шідерті» жолының 200-254 шақырымы.

Одан бөлек, Шығыс Қазақстан облысында «Өскемен - Семей» автожолының 10-198 шақырымында көлік қозғалысы жанданды.

Бұл - Герасимовка ауылынан бастап Семей қаласына дейін апаратын жол.

Бүгін таңғы 08:00 бастап «Өскемен-Алтай-Үлкен Нарын-Қатонқарағай-Рахман бұлағы» жолының 7-66 шақырымы, атап айтқанда Ушанов ауылынан Серебрянск қаласына дейінгі аралық та ашылды.


Соңғы жаңалықтар