USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

Қазақстанның үш облысында күшті жел соғады

2021 жылғы 12 қазан 18:50
Бөлісіңіз:
Қазақстанның үш облысында күшті жел соғады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қызылорда, Маңғыстау және Атырау облыстарында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
ШҚО-да 8 желтоқсанға дейін қар көшкіні жүру қаупі бар Қазақстанның басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды Ауа райы: Солтүстік және шығыс өңірлерге қатты аяз келе жатыр

«Қазгидромет» РМК-ның мәліметтеріне қарағанда, 13 қазанда Қызылорда облысының орталығында солтүстік-шығыстан жел соғады, оның күші 15-20, екпіні 23 м/с-ке жетеді.

13 қазан күні Маңғыстау облысының батысында, орталығында шаңды дауыл соғады. Оңтүстік-шығыстан, шығыстан ескен желдің жылдамдығы 15-20, күндіз екпіні 23 м/с болады.

Атырау облысының батысында, орталығында шаңды дауыл соғады. Жел оңтүстік-шығыстан есіп, облыстың батысында, орталығында екпіні 17-22 м/с-ке жетеді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақбөпе Әбдрасул

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT