НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 27 қаңтарда Түркістан, Ақтөбе және Жамбыл облыстарында күн райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.
27 қаңтарда Түркістан облысының оңтүстігіне, батысына және таулы аймақтарына тұман түседі.
Шымкентте және Түркістанда 27 қаңтарда түнде және таңертең тұман болады.
27 қаңтарда Ақтөбе облысының шығысына тұман түседі.
27-29 қаңтарда Жамбыл облысының солтүстігінде, таулы және тау бөктеріндегі аудандарға тұман түсуі мүмкін. Таразда 27-29 қаңтарда тұман болуы ықтимал.