USD 434.34 EUR 491.93
RUB 5.56 CNY 68.67
Jańalyqtar

Қазақстанның үш облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

2018 жылғы 21 тамыз 15:28
Бөлісіңіз:
Қазақстанның үш облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Алдағы күндері Қазақстанның үш облысында ауа райы күрт құбылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Шығыс Қазақстан облысында 22 тамыз күні бірқатар аймақтарда найзағай ойнап, оңтүстік-батыстан, батыстан жылдамдығы секундына 15-20 метрге жететін жел соғуы ықтимал. Желдің екпіні 25 м/с шамасында болады. Күндіз кей жерлерде бұршақ жауып, дауыл көтерілуі мүмкін.

Өскемен қаласында 22 тамызда найзағай ойнап, оңтүстік-батыстан, батыстан екпіні 15-20 метрге жететін жел соғады.

Батыс Қазақстан облысында 22 тамыз күні кей жерлерде оңтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің жылдамдығы 15-20 метрге дейін күшеюі мүмкін.

Батыс Қазақстан облысында 23 тамызда кей жерлерде найзағай жарқылдап, солтүстік-батыстан жылдамдығы секундына 15-20 метрге жететін жел соғады.

Орал қаласында 22 тамыз күні оңтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің екпіні 18 м/с-қа жетеді. 23 тамыз күні найзағай түсіп, солтүстік-батыстан, солтүстіктен екпіні 18 м/с-қа жететін жел соғады.

Дауыл тұру ықтималдығы 95-98%.

Солтүстік Қазақстан облысында 22 тамызда түнде солтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы 15-20 метрге дейін күшейеді, кей жерлерде желдің екпіні 25 м/с жетеді деп күтілуде. Облыстың бірқатар аймақтарында найзағай ойнап, тұман түседі, дауыл тұруы ықтимал. Күндіз кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін.

Петропавл қаласында 22 тамызда түнде солтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Сондай-ақ, тұман түсіп, дауыл тұруы ықтимал.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Біржанқызы Сабина

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059

MURAǴAT