Қазақстанның үш облысына дауыл төніп тұр

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қостанай, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарында дауыл соғуы мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

18 тамыз күні Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, солтүстік-шығыстан соққан желдің жылдамдығы 15-20 м/с-қа дейін жетуі мүмкін.

Ақтөбе облысында 18 тамыз күні күндіз кей жерлерде найзағай жарқылдап, жел солтүстік-шығыстан 18 м/с жылдамдықпен соғады. Ақтөбеде күндіз найзағай ойнауы мүмкін, солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15 м/с-қа жетеді.

18 тамыз күні Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде солтүстік-шығыстан соққан желдің жымлдамдығы 15-20 м/с-қа дейін жетуі мүмкін, түнде кей жерлерде найзағай жарқылдайды. Оралда 18 тамызда солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 18 м/с-қа дейін жетуі ықтимал, түнде найзағай ойнайды.

Соңғы жаңалықтар