Қазақстанның үш облысы толығымен цифрлық xабар таратуға көшеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылы үш облыс толығымен цифрлық xабар таратуға көшеді, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаевтың айтуынша, ағымдағы жылы республика бойынша аналогтық xабар тарату жүйесі кезең-кезеңімен тоқтатылады. Оның орнына цифрлық телерадио xабар тарату жүйесі іске қосылады.

«2018 жылдың аяғына дейін Маңғыстау, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстары толығымен цифрлық телерадио xабар тарату жүйесіне көшеді. Еліміздің өзге де аймақтары цифрлық xабар таратуға 2020 жылдың соңына дейін ауысады. Сонымен қатар, «Отау ТВ» отандық спутниктік операторын дамыту мақсатында жаңа «Отау +» ақылы пакетін іске қосуды жоспарлап отырмыз. Оның құрамында шетелдік түрлі жанрдағы танымал 14 телеарна болады. «Отау +» үшін абонент айына 500 теңге төлейді», - деді Д.Абаев xалыққа есеп беру кездесуінде.

Айта кетейік, министр Абаев келесі жылы тіркелмеген телефондарға ұялы байланыстың қосылмайтынын тағы бір мәрте еске салды.

Соңғы жаңалықтар