НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» РМК 24 маусым күнгі Қазақстан қалаларындағы метеорологиялық ахуал туралы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Ақпаратқа сәйкес, дүйсенбі күні Ақтөбе, Орал және Шымкент қалаларында ауа ластануы ықтимал.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы мүмкін.