Қазақстанның үш қаласында ауа сапасы нашарлайды
2018 жылғы 13 маусым 09:24

Қазақстанның үш қаласында ауа сапасы нашарлайды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сейсенбі, 13 маусым күні Қазақстанның көптеген қалаларында жайлы метеорологиялық жағдай қалыптасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Атап айтқанда, Ақтау, Алматы, Атырау, Карағанды, Костанай, Көкшетау, Қызылорда, Павлодар, Петропавл, Талдықорган, Тараз, Орал, Өскемен қалаларында ауаны ластайтын қолайсыз метеожағдайлар күтілмейді.

Ал Ақтөбе мен Атырауда және түнде Астанада атмосферада ластаушы заттар жиналуы мүмкін.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT