ФУТБОЛДАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫ-2022

Қазақстанның Ұлыбританиядағы Елшісі тағайындалды

2022 жылғы 6 қазан, 16:30
Қазақстанның Ұлыбританиядағы Елшісі тағайындалды

АСТАНА. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысының Жарлығымен Мағжан Жанботаұлы Ілиясов Қазақстан Республикасының Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы Тұрақты өкілі лауазымынан босатылды. Бұл туралы ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды.

Мағжан Ілиясов 1974 жылы Алматы қаласында дүниеге келді.

1996 жылы Қазақ Мемлекеттік Әлем тілдері университетінің Халықаралық қатынастар факультетін үздік бітірген. 1994-1995 жылдары АҚШ-тың Монтана Штатындағы Университетте білім алмасу бағдарламасы бойынша оқыды.

ҚазМӘТУ-ді бітіргеннен кейін, 1996 жылдан 1999 жылға дейін Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің орталық аппаратында (референт, Халықаралық ұйымдар және халықаралық экономикалық қатынастар бас басқармасында атташе, БҰҰ және халықаралық экономикалық қатынастар басқармасында үшінші, екінші хатшы) қызмет етті.

1998 жылғы мамыр мен тамыз аралығында – «Kлингендаль» халықаралық қатынастар институты дипломатиялық курстарының тыңдаушысы, Гаага, Нидерланды. 1999 жылдан бері – Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінде қызмет істеді (Президент Протоколында конусультант, Президент Кеңсесінде бас сарапшы, Сыртқы саясат орталығында бас инспектор).

2007 жылдың ақпанында Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Сыртқы саясат орталығының меңгерушісі болып тағайындалды.

2013 жылғы мамырда ҚР Президентiнiң «Болашақ» халықаралық стипендиясы аясында Гарвард Университетінде «Мемлекеттік басқару» мамандығы бойынша магистратураны бітірді.

2013 жылғы маусым мен желтоқсан аралығында – Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі.

2013-2016 жылдары – Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Сыртқы саясат орталығының меңгерушісі.

2016-2020 жылдары – Қазақстан Республикасының Нидерланд Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті елшісі, Химиялық қаруға тыйым салу ұйымындағы Қазақстан Республикасынның тұрақты өкілі.

2020 жылдың қыркүйек айынан бастап осы тағайындауға дейін Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы Қазақстан Республикасының тұрақты өкілі болды.

«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл» мерейтойлық медалімен және «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.

Фото: gov.kz
Теги:
Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar