Қазақстанның Ұлттық кедендік кодексінің алғашқы нұсқасы алдағы жылдың ақпанында дайын болады

None
None
А. Желтоқсанның 21-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Қазақстанның ұлттық кедендік кодексінің алғашқы нұсқасы алдағы жылдың ақпанында дайын болады. Бұл туралы бүгін Астанада Кеден одағының жаңа кедендік кодексін таныстыру кезінде өткен брифингте ҚР Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті төрағасының орынбасары Игорь Тен мәлім етті,

 деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Комитет Қазақстанның Ұлттық кедендік кодексін алдағы жылғы ақпанның 15-іне қарай әзірлеуді қарастырып отырғанына тоқталған ол «алайда, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі аталған кодексті әзірлеу жұмыстарын, яғни ақпанның 1-іне дейін оның алғашқы жазылған жобасын аяқтауды ұсынып отыр. Біз осы ұсыныспен келісетін шығармыз. Себебі, уақыт өте тығыз. Атап айтқанда, 2010 жылғы шілденің 1-іне дейін Кеден одағының Кедендік кодексіне де нормативтік-құқықтық актіні даярлауымыз қажет», деді ол брифинг барысында.

 Оның айтуынша, еліміздің қазіргі Кедендік кодексі бойынша 2010 жылғы шілденің 1-іне дейін жұмыс істелінетін болады. «Өйткені алдағы жылғы шілдеден бастап Кедендік одақтың жаңа Кодексі күшіне енеді. Бірақ, сонымен бірге біздің Ұлттық кодекс аталған Кедендік одақтың кодексіне бейімделіп, оның іске қосылуын қалап отырмыз»,-деді И. Тен.

Оның сөзіне қарағанда, Ұлттық кодекс еліміз кәсіпкерлерінің жұмысын оңтайландыруға негізделмек.

Айта кетейік, Кеден одағы  Кедендік кодексі жобасының  негізіне    Кедендік  амалдарды оңтайландыру  және   үйлестіру   туралы  халықаралық конвенцияның (Киото конвенциясының) қағидалары   негіз  болып отыр. Кедендік Одаққа мүше  мемлекеттердің ішінен Қазақстан  ғана Киото конвенциясына  қосылған болатын.   Сондықтан   Кеден одағының кедендік   кодекс  жобасын  әзірлеу жөніндегі  жалпы   жетекшілік   қазақстандық   тарапқа    тапсырылды.

Соңғы жаңалықтар