Қазақстанның ұлттық электр желісі қалыпты жұмыс істеп тұр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанның ұлттық электр желісінің жұмысы қалыпты режимде қамтамасыз етіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат KEGOC АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен 2022 жылғы 5-19 қаңтар аралығында төтенше жағдай енгізілуіне байланысты «KEGOC» АҚ-да жедел штаб құрылды.

Штаб Қазақстанның Ұлттық электр торабының (ҰЭТ) сенімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету жөніндегі барлық шараларды үйлестіруді жүзеге асырады.

Компанияның бүкіл жедел қызметтері мен құрылымдары күшейтілген жұмыс режиміне көшірілді.

Сондай-ақ, компанияның жауапты басшыларынан құрылған тәулік бойғы кезекшілік ұйымдастырылды.

«KEGOC» АҚ-ның барлық нысандарын қорғау режимін күшейту бойынша шаралар қабылданды.

ҰЭТ штаттық режимде жұмыс істеуде. KEGOC Жүйелік оператор ретінде Қазақстан Республикасының Біртұтас электр энергетикалық жүйесінің сенімді жұмыс істеуін қамтамасыз етеді, сондай-ақ қатарлас жұмыс режимдерін басқару және олардың тұрақтылығын қамтамасыз ету бойынша шектес мемлекеттердің энергия жүйелерімен өзара тиімді жұмыс істейді.


Соңғы жаңалықтар