+7 (701) 759 90 19
USD 435.76 EUR 493.41
RUB 5.89 CNY 68.37
Jańalyqtar

Қазақстанның Ұлттық банкі әлемде алтынды сатып алудан екінші болды

2014 жылғы 21 қараша 09:09
Бөлісіңіз:
Қазақстанның Ұлттық банкі әлемде алтынды сатып алудан екінші болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның Ұлттық банкі әлемде алтынды сатып алудан екінші болды. Үшінші тоқсандағы осындай мәліметтерді Бүкіләлемдік алтын кеңесі таратты, деп хабарлайды «Жетінші арна».

Мамандардың пікірінше, реттеуші доллар тәуелділігін төмендету үшін сары металды белсенді сатып алуда.

Дегенмен, талдаушылар бұл идеяның ТМД елдері үшін кері әсерін тигізе алатынын жоққа шығармайды. Қауіп америкалық валютаның нығаюы мен мұнай бағасының төмендеуінен алтынның да арзандауы мүмкіндігінде. Алтынның троя унциясының (31,1 гр) бағасы 1200 доллар шамасында. Бірақ 2015 жылы бұл көрсеткіштің 900 долларға дейін төмендеуі мүмкін.

Ағымдағы жылдың қазан айында Ұлттық банктің валюталық қоры 21,3 миллиард долларды, алтын қоры - шашамен 7 миллиард долларды құрады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Зарина Туғанбаева

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT