Қазақстанның ұлтаралық татулығы бізге үлгі – АҚШ сарапшысы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанның ұлтаралық татулығы бізге үлгі бола алады. Мұндай пікірді АҚШ-тың Қауіпсіздіктің жаһандық институтының президенті Джонатан Гранофф білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Климаттық өзгерістер сияқты пандемияға да шекара жоқ. Дегенмен, қаржылық жүйе біріктірілген және оның шекарасы бар. оттегінің 50-70 пайызын мұхиттағы планктоннан аламыз. Мұхит да оттегі бөлетін орман сияқты шексіз. Бүкіл әлем үлкен бір отбасы саналады және бір-бірімізбен көршіміз. Сондықтан табиғатты қорғау үшін бір-бірімізбен ынтымақтастықта болуымыз керек», - деді ол Астана клубының 6-отырысы аясында БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында.

Сонымен қатар Джонатан Гранофф АҚШ-тың Қазақстанның ядролық қарусыздануы, этностардың бір аумақта бейбіт өмір сүруі АҚШ-қа үлгі болатындығын баса айтты.

«Қазақстан көптеген дін мен ұлт өкілдері бейбіт өмір сүретін, бірнеше тіл еркін қолданылатын және ешқандай ұлтаралық жанжал жоқ ел. Осы арқылы сіздер әлемге үлгі бола аласыздар. Тіпті сіздерде осынау алуантүрлілікке арналған мереке де бар. осы тұрғыда Қазақстан бізге үлгі бола алады. Мұнан бөлек, Қазақстанның ядролық қарудан бас тартқанын білеміз. Сіздерде 1,4 мың ядролық оқтұмсық болды. Әлемде ядролық оқтұмсықтардың саны 65 мыңнан 14 мыңға қысқарды. Бұл да жетістік әрі осыған ұмтыла беруіміз керек», - деді АҚШ сарапшысы.


Соңғы жаңалықтар